Мұхаммед пайғамбар туралы түсірілетін телехикаяға 1 миллиард доллар бөлінбек - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұхаммед пайғамбар туралы түсірілетін телехикаяға 1 миллиард доллар бөлінбек

Мұхаммед пайғамбар туралы түсірілетін телехикаяға 1 миллиард доллар бөлінбек

Мұхаммед пайғамбар жайында түсірілетін телехикаяға 1 миллиард доллар бөлінетін болды.

  • 20 Желтоқсан 2012
  • 353
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы жобаға жетекшілік ететін катарлық Alnoor Holding компаниясы мәлімдеді, деп хабарлайды Lenta.ru Agence France-Presse агенттігіне сілтеме жасап.

Сериал 7 толықметражды фильмнен тұрмақ. Фильмдер ислам, Мұхаммед тұлғасы турасында Батыста қалыптасқан жалған пікірді бұзу үшін алдымен ағылшын тілінде, кейін өзге тілдерде жарыққа шығады деп жоспарлануда. Әлемнің ең ықпалды суннит-имамдарының бірі Юсуф әл-Карадави мүшелік ететін сарапшылар тобы хикаяның сценариін жазып бітірді. Дегенмен түсірілім жұмыстары қашан басталатындығы жөнінде Alnoor Holding компаниясы тіс жарған жоқ.

Alnoor Holding аталмыш жоба жөнінде 2009 жылы айта бастаған болатын. Ол кезде сериалдың продюсері «Властелин колец» пен «Матрица» фильмдерімен жұмыс істеген Барри Осборн (Barrie Osborne) болады деп мәлімделген. Хикаяға танымал актерлерді, соның ішінде Голливудта атақтары жер жаратын жұлдыздарды тарту жоспарланған. Ол кезде тек 150 млн. доллар жұмсау көзделген еді.

Түсіруге дайындалып жатқан фильмдердің сценариі туралы толық ақпар жоқ. Белгілісі, Мұхаммед пайғамбар бұл фильмде көрсетілмейді, себебі оның бейнесін беруге тыйым салынған.