Жарияланды: 380

Мұхтар Әблязов сотта тағы жеңілді

Мұхтар Әблязов БТА банкінің 2 млрд долларын қайтаруы тиіс. Лондонның жоғарғы соты шетелде бой тасалап жүрген банктің бұрынғы басқарма төрағасына қатысты осындай шешім шығарды.

Сот қашқын олигархты банк салымшыларына тиесілі қаражатты жымқырғаны үшін кінәлі деп тапты. Тергеу мәліметтеріне қарағанда, Әблязов оффшорлық компаниялар арқылы БТА банктің 6 млрд долларын шетел асырған. Айта кетейік, бұл экс-банкирдің ағылшын сотындағы бірінші жеңілісі емес. Өткен ақпан айында да Лондонның жоғарғы соты Әблязовты «сотқа құрмет көрсетпеді» деген айыппен 22 айға қамау туралы үкім кескен болатын. Алайда, бұл уақытта Ұлыбританиядан бой тасалап үлгерген қашқын олигархтың қайда жүргені әлі белгісіз. Әблязовқа қатысты елімізде де 9 бірдей қылмыстық іс қозғалған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін