Естеріңізде болса, Әблязовқа қатысты қылмыстық іс 2009 жылы қозғалған болатын. Оған банк салымшыларының бес миллиард долларға жуық қаражатын өз пайдасына жаратқан деген айып тағылды. Бірақ,басқа да әріптестері сияқты БТА-ның төрағасы шетел асып үлгерген. Күдіктенгендері Еуропадан бой көрсете бастағанда қимылдайтын Қаржы полициясы мен Бас прокуратура да ол кезде әдеттен жаңылмай, Әблязовқа халықаралық іздеуді кейін жариялады. Тек анда-санда экстрадициялауды сұрап, өтініш жіберетіні бар еді. Енді ол мүмкіндіктен де айырылып отыр. Өйткеніқазіргі қолданыстағы ережеге сәй,саяси баспана берілген азаматты экстрадициялау ісі әрі қарай қаралмайды; әсіресе Ұлыбритания сияқты алпауыт елдерден.