Мұхтар Әблязов Ұлыбританиядан саяси баспана тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұхтар Әблязов  Ұлыбританиядан саяси баспана тапты

Мұхтар Әблязов Ұлыбританиядан саяси баспана тапты

Мұхтар Әблязов енді королеваның қамқорлығында! «БТА» банкінің бұрынғы төрағасы Ұлыбританиядан саяси баспана тапты. Босқын мәртебесін алған қашқын банкир мен оның отбасы енді  Англияда  қанша уақытқа қалам десе де, өз еркі.

  • 14 Шiлде 2011
  • 446
Фото - Caravan.kz


Естеріңізде болса, Әблязовқа қатысты қылмыстық іс 2009 жылы қозғалған болатын. Оған банк салымшыларының бес миллиард долларға жуық қаражатын өз пайдасына жаратқан деген айып тағылды. Бірақ,басқа да әріптестері сияқты БТА-ның төрағасы шетел асып үлгерген. Күдіктенгендері  Еуропадан бой көрсете бастағанда қимылдайтын Қаржы полициясы мен Бас прокуратура да ол кезде әдеттен жаңылмай, Әблязовқа халықаралық іздеуді кейін жариялады. Тек анда-санда экстрадициялауды сұрап, өтініш жіберетіні бар еді. Енді ол мүмкіндіктен де айырылып отыр. Өйткеніқазіргі қолданыстағы ережеге сәй,саяси баспана берілген азаматты экстрадициялау ісі әрі қарай қаралмайды; әсіресе Ұлыбритания сияқты алпауыт елдерден.  

Соңғы жаңалықтар