Caravan Logo

Мұхтар Әблязов Ұлыбританиядан саяси баспана тапты

Мұхтар Әблязов  Ұлыбританиядан саяси баспана тапты


Естеріңізде болса, Әблязовқа қатысты қылмыстық іс 2009 жылы қозғалған болатын. Оған банк салымшыларының бес миллиард долларға жуық қаражатын өз пайдасына жаратқан деген айып тағылды. Бірақ,басқа да әріптестері сияқты БТА-ның төрағасы шетел асып үлгерген. Күдіктенгендері  Еуропадан бой көрсете бастағанда қимылдайтын Қаржы полициясы мен Бас прокуратура да ол кезде әдеттен жаңылмай, Әблязовқа халықаралық іздеуді кейін жариялады. Тек анда-санда экстрадициялауды сұрап, өтініш жіберетіні бар еді. Енді ол мүмкіндіктен де айырылып отыр. Өйткеніқазіргі қолданыстағы ережеге сәй,саяси баспана берілген азаматты экстрадициялау ісі әрі қарай қаралмайды; әсіресе Ұлыбритания сияқты алпауыт елдерден.