Мұхтар Алтынбаев коммуналдық қызмет ақысын төлемей жүргенін растады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұхтар Алтынбаев  коммуналдық қызмет ақысын төлемей жүргенін растады

Мұхтар Алтынбаев коммуналдық қызмет ақысын төлемей жүргенін растады

Сенат депутаты Мұхтар Алтынбаев бүгін журналистер алдында кінәсін мойындап, коммуналдық қызмет ақысын төлемей жүргенін растады. Депутат бұл әдейі жасалған әрекет еместігін, енді бір-екі күнде қарызын толық қайтаратынын айтып, жұрттан кешірім сұрады. 

  • 10 Маусым 2011
  • 358
Фото - Caravan.kz


Мұхтар Алтынбаев,  Сенат депутаты:

— Мен де тізімдебармын. Сондықтан мен қоғамнан кешірім сұраймын. Қателік менен де кеткен шығар. Көмекшілерімнің де қателігі. Ұят жағдайға түсіп отырмын. Кешеден бері сұрақты шешемін деп жатырмын.

Естеріңізге сала кетсек, біз бұған дейін Астанада 200-ге тарта бай-қуатты адамдардың  коммуналдық қызмет ақысын төлемей жүргенін айтқан едік.  Мұндай борышкерлер тізімінде сенатор Мұхтар Алтынбаевтың да аты-жөні болды. Депутат  зәулім үйіне газ, жылу, жарық секілді қызмет түрлерін пайдаланғаны үшін 942 мың теңге қарыз. Қара тізім жарияланғаннан  бері бірталай шенеунік коммуналдық мекемелер алдындағы қарыздарын төлей бастаған. Дегенмен борышкерлердің тізімі әлі жүздеп саналады. Олардың ішінде Әмрин, Құлекеев, Ахметов, Сүлейменов, Бимурзин секілді есімі елге белгілі азаматтар бар. Мұндай қарызы барлармен күресуді қала әкіміне Елбасының өзі тапсырған болатын.

Соңғы жаңалықтар