Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры 86-маусымын аяқтады - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры 86-маусымын аяқтады

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры 86-маусымын аяқтады

Кеше Алматыдағы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры 86-шы маусымын «Абай» трагедиясымен аяқтады.

  • 29 Маусым 2012
  • 589
Фото - Caravan.kz

Өнер ұжымы бұл маусымда өз көрермендеріне «Империядағы кеш», «Қыз мұңы», «Жаужүрек», «Тендерге түскен келіншек», «Жынойнақ», «Қилы заман», «Мен ішпеген у бар ма?» деп аталатын жаңа туындыларын ұсынған болатын. Театр айына 30-дан астам қойылым қоятын еліміздегі бірден-бір өнер ордасы.

Театрдың директоры әрі көркемдік жетекшісі Есмұхан Обаевтың айтуынша, алдағы 87-маусымға дайындықты ерте бастап кеткен олар қазір бірнеше пьесамен жұмыс жасауда. Оның ішінде Төлен Әбдіковтің «Ардагер» және Антон Чеховтың «Апалы-сіңлілі үшеу», Әубәкір Рахимовтың «Шәкәрім» қойылымдары бар.

Перейти к новостям спорта