Мұхтар Шаханов Абылай ханның тойын ЮНЕСКО деңгейінде атап өтуді ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.71
  • 536.17
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұхтар Шаханов Абылай ханның тойын ЮНЕСКО деңгейінде атап өтуді ұсынды

Мұхтар Шаханов Абылай ханның тойын ЮНЕСКО деңгейінде атап өтуді ұсынды

Абылай ханды ЮНЕСКО деңгейінде атап өту керек. Бұл пікірді бүгін Көкшетаудағы «Абылай хан және оның тарихи дәуірі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов айтты.

  • 6 Қазан 2013
  • 569
Фото - Caravan.kz


«Қазақтың арғы-бергі тарихында ұлы тұлғалар жетерлік. Бірақ, солардың ішіндегі ең дарасы әрі құрметтісі — Абылай хан бабамыз. Абылай болмағанда қазақ тарихы мүлдем басқаша қалыптасар еді, яғни біз ұлт болып қалар ма едік немесе қалмас па едік?!», — деп тоқталды М. Шаханов.

Осы орайда ол Абылай ханға өзгеше құрмет көрсету қажет екенін, сондай-ақ ЮНЕСКО деңгейінде тойлау керектігін айтып өтті.

«Сондықтан ЮНЕСКО жағына осындай өтініш жасап, осылайша қазақ тарихына бүкіл әлемнің назарын аударамыз. Атап айтқанда, Абылай ханның ерекшеліктері өте көп», — деді ақын.