Мұхтар Тайжан Әнуар Нұрпейісовтің дау тудырған пікіріне ғылыми дәлелмен жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұхтар Тайжан Әнуар Нұрпейісовтің дау тудырған пікіріне ғылыми дәлелмен жауап берді

Мұхтар Тайжан Әнуар Нұрпейісовтің дау тудырған пікіріне ғылыми дәлелмен жауап берді

Қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан ұлттың жойылып кету мәселесіне қатысты пікірін видеоға түсіріп, оны ғаламторға жариялады. Бұл жақында ғана актер Әнуар Нұрпейісовтің осы жайтты қозғап, жұрттың наразылығын тудырғанына байланысты болып тұр.

  • 29 Наурыз 2017
  • 3914
Фото - Caravan.kz

М.Тайжан бейнеүндеуінде әйгілі тарихшы-этнолог, шығыстанушы Лев Гумилевтің «Жердің этногенезі мен биосферасы» атты еңбегіне сүйенген, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі. Пікір иесі этнологтың кітаптарын мектепте жүргенде-ақ оқығанын, тіпті автордың өзімен әңгімелескенін айтады.

«Ол (Л.Гумилев – ред.) этнос жойылмайды, этнос жаңа ұлттарды, яғни балаларын, немерелерін, жалпы ұрпағын дүниеге әкеледі деп жазған. Мысалы, біз, қазақтар да мәңгілік емеспіз. Бірақ түгіміз қалмай жойылып та кетпейміз. Біздің де балаларымыз, ұрпақтарымыз қалады. Солардан біздің негізіміздегі жаңа ұлт түзіледі. Қазақ хандығына дейін, яғни 15-ші ғасырға дейін жерімізде түрлі тайпалар өмір сүрді. Кейін олар біртұтас қазақ ұлты боп бірікті. 1465 жылы «біз қазақпыз» деп жар салды. Ал олардан бұрын Түрік қағанаты, үйсіндер, сақтар, массагеттер болды. Бірнеше мың жыл бұрын Андронов мәдениеті болды. Кейін бәрі жаңа ұлттарға сіңісіп кетті. Сондықтан этностар жүз жылдан кейін, мың жылдан кейін мүлдем жойылып кетеді деген дұрыс емес» дейді Мұхтар Тайжан бейнеүндеуінде.

Айта кетейік, Әнуар Нұрпейісов жақында Атырауда өткен блогерлер құрылтайында «Қазақтар 500 немесе 1000 жылдан кейін ұлт ретінде жойылуы мүмкін. Жер бетінде бір ғана этнос қалады» деген пікір айтқан болатын. Оның бұл сөзі қоғамда үлкен дау тудырды.


К вопросу о жизни и смерти наций.

Posted by Мұхтар Тайжан on Tuesday, March 28, 2017