Мұхтар Тайжан Саят Ыбырайды түрмеден шығару туралы ұсыныс айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұхтар Тайжан Саят Ыбырайды түрмеден шығару туралы ұсыныс айтты

Мұхтар Тайжан Саят Ыбырайды түрмеден шығару туралы ұсыныс айтты

Белгілі ғалым Саят Ыбырай осыдан бес жарым жылдай бұрын 12 жылға сотталған еді. Сол кезде қоғамда бұған наразылық туды. Оны түрмеден шығару керектігі туралы мәселе әлі күнге дейін оқтын-оқтын көтеріліп келеді.

  • 5 Маусым 2017
  • 3214
Фото - Caravan.kz

Енді мұны белгілі қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан өзінің Фейсбуктегі парақшасында тағы айтып отыр, деп хабарлайды Caravan.kz.  

"Бір ғана сұрақ: неге билік ақылды, сауатты адамдарды уақытында тыңдаудың орнына түрмеге отырғызады? Мен Саят Ыбыраевты айтып отырмын. Ни, Пак, Үсенов түрмеде отырмайды, жылдам шығып кетеді. Ал бүкіл əлемге танымал ғалым, физик, дінтанушы, міне… түрмеде отыр. Уахабизмнің қауіптіт екені туралы бұл кісі он жыл бұрын айтып-жазып жүрді. Билікте тыңдайтын құлақ табылған жоқ. Ақырында қан төгілді, бірнеше адам жазықсыз қаза тапты" деп жазыпты Мұхтар Тайжан. Ал оны қолдап пікір білдіріп жатқандар көп.

Естеріңізге салсақ, 2011 жылдың 19 қазанында сопылық ағымның 9 мүшесі экстремистік ұйым құрып, заңсыз әрекеттермен айналысты деген айыппен сотталған еді. Аталған ағымның тақсыры саналған Исматулла Әбдіғаппар 14 жылға, Саят Ыбырай 12 жылға,  қалғандары 6, 8, 9 жылдарға бас бостандығынан айырылды. Кейін, әсіресе, Саят Ыбырайды ақтау жөнінде жоғары органдарға арыз жазылғанымен, еш нәтиже болмады.