Жарияланды: 610

"Мүліктің көбі Дубайда": қазақстандық 116 адам алтын құймаларын шетелде сақтап қойған

"Мүліктің көбі Дубайда": қазақстандық 116 адам алтын құймаларын шетелде сақтап қойған Сурет - радио Sputnik

Бірқатар шенеуніктердің шетелде қанша қаржы сақтап отырғаны жайлы мәлімет белгілі болды.

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Азамат Панбаев журналист Еркін Байғабылұлына берген сұхбатта айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Былтыр жалпыға бірдей декларацияның алғашқы сатысы өтті. Негізгі декларация тапсырғандар мемлекеттік қызметкерлер , олардың жұбайлары, квазимемлекеттік орындар басшылары, олардың жұбайлары, банктер, сақтандыру ұйымдары басшылары. Яғни осындай бір топ азаматтар жалпыға бірдей декларациямен қамтылды. Жалпы 497 мың адам декларация тапсырды. Сол тапсырған адамның 440-да әлемнің 58 мемлекетінде 691 млрд теңгеге шоты көрсетілді", - деді Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Азамат Панбаев.

Комитет төрағасы орынбасарының аутынша, көбі АҚШ, Швейцария және Ресейде сақтаулы екен. Сондай-ақ 494 адамның 666 мүлкі шетелде екен. Олардың да көбі Дубайда, Түркияда, Ресейде тіркелген.

Осы адамдардың ішіндегі 116 адам инвестициялық алтын барын көрсеткен. Яғни алтын құймаларын сатып алып, шетелде сақтап қойған.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін