Мүлкін жасырған мемлекеттік қызметкер жазаланды - Қызылорда облысы - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мүлкін жасырған мемлекеттік қызметкер жазаланды - Қызылорда облысы

Мүлкін жасырған мемлекеттік қызметкер жазаланды - Қызылорда облысы

Жалағаш аудандық прокуратурасы Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының талаптарының сақталуына тексеру жүргізу барысында жекелеген мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің бұл тұрғыда заң бұзушылыққа жол бергенін анықтады,

  • 30 Маусым 2011
  • 593
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.

Прокуратура бұл ретте аталмыш Заңның 9-бабы 2-бөлігінде мемлекеттік лауазым атқаратын адамдар өз өкілеттігін орындау кезеңінде жыл сайын салық заңдарында белгіленген тәртіппен тұрғылықты жері бойынша салық органына мәлімдеме табыс етіп отыратындығына назар аударады. Атап айтқанда, «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексінің) 185-бабының 2-бөлігінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес декларацияны табыс ету мiндетi жүктелген Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары, судьялар, сондай-ақ жеке тұлғалар табыстары мен Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тысқары жерлерде де орналасқан және салық салу объектiсi болып табылатын мүлкi туралы декларацияны табыс ететіндігі бекітілген.

Алайда, аудандық прокуратура жүргізген тексеруде аудандық мәслихаттың бас маманы Б.Әлжановтың аудандық салық басқармасына тапсырған 2010 жылғы кiрiстер мен мүлiктер туралы декларациясында өз меншігіндегі жылжымайтын мүлкін, яғни Жалағаш кенті, Нысанбай жырау көшесі мекен-жайындағы тұрғын үйін көрсетпей, салық органына толық мәлімет табыс етпегендігі анықталды.

Осыған байланысты прокуратура заң бұзушылыққа жол берген аудандық мәслихаттың бас маманына әкімшілік іс қозғау туралы қаулы қабылдады. Аудандық сот оны қарау қорытындысында 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салды.

Дәл осындай заң бұзушылық Жалағаш ауданының тұрғыны, Сырдария аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік полиция инспекторының көмекшісі Ғ.Уайстың іс әрекетінде де орын алған. Анықталған бұл заңсыздық бойынша прокурордың қаулысы аудандық сотқа жолданып, сотпен оған да 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынған.