Мүмкіндігі шектеулі балалардың арасындағы «Жұлдызай» конкурсының іріктеу кезеңі өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мүмкіндігі шектеулі балалардың арасындағы «Жұлдызай» конкурсының іріктеу кезеңі өтті

Мүмкіндігі шектеулі балалардың арасындағы «Жұлдызай» конкурсының іріктеу кезеңі өтті

Сенбі күні Павлодарда мүмкіндігі шектеулі балалардың арасындағы «Жұлдызай» республикалық фестивалінің іріктеу кезеңі өтті, деп хабарлады білім басқармасынан.

  • 18 Сәуiр 2011
  • 606
Фото - Caravan.kz

Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған бұл конкурсқа арнайы мектептер мен интернаттардың 100-ден астам тәрбиеленушісі қатысты: олар бірегей жанрдағы нөмірлер мен композициялар ұсынды, жеке орындауда және ансамбльмен әндер шырқады, музыкалық аспаптарда ойнады.

Қазылар алқасы бас жүлдені №4 Павлодар мектеп-интернатының би ұжымына берді. Павлодарлық балалар енді өзге облыстардағы іріктеу конкурстарының жүлдегерлерімен бірге Көкшетаудағы «Балдәурен» республикалық орталығында 20 күн демалып қайтады. «Балдәуренде» екінші іріктеу конкурсы және мүгедек балаларға арналған шеберлік сабақтары өтеді.

«Жұлдызай» фестивалі 1 маусымда жеңімпаздардың концертімен және салтанатты марапаттау рәсімімен аяқталады.

Перейти к новостям спорта