Былтырғы жылы XXI ғасырдың цифрлы біліктілігіне оқыту жобасы бастау алып, өз тиімділігін көрсетті. Басты мақсат — мүмкіндігі шектеулі жандарды, көпбалалы аналарды, жұмыссыздарды, мүгедек бала тәрбиелеп отырған аналарды қамту. Оқыту 15 сабақтан тұратын SMM арқылы жүргізілді. Білім алған мектеп түлектері өздерін табысы бар жұмыспен қамтып отыр.
2018 жылдың 28 желтоқсанында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен БҰҰ Даму бағдарламасы мен Әмір Сүлейменовтің ISIT мектебі арасында келісімге қол қойылды. Осы келісімге сәйкес, мүмкіндігі шектеулі жандардың білім алуына гранттар беру қарастырылған. Келісімшартта пилотты жобаны аймақтар деңгейінде енгізу қадамы жазылған.
«Қазіргі күні SMM-менеджерлері, SEO-мамандығы, контексті жарнама, JAVA-әзірлеушілер, бағдарламалау және мобильді қосымшаларды әзірлеу мамандықтарына оқыту жүріп жатыр. Бүгінгі күні 25 адам грантқа оқуға қол жеткізді. Биылғы жылы 1000 адамды оқыту жоспары бар», — делінген хабарламада.
ISIT Интернет технологиялардың инновациялық мектебі – ТМД елдері ішінде ашылған алғашқы әлеуметтік мектеп. Онда күндізгі және онлайн оқыту интернет-маркетинг, веб-әрлеу, бағдарламалау және мобильді қосымшаларды әзірлеу бағыттары бойынша жүргізіледі.