Мұнай бағасы шарықтады: Қазақстан үшін пайда ма, тәуекел ме? - kaz.caravan.kz
  • $ 519.55
  • 596.03
+25 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұнай бағасы шарықтады: Қазақстан үшін пайда ма, тәуекел ме?

Мұнай бағасы шарықтады: Қазақстан үшін пайда ма, тәуекел ме?

Соңғы екі айда мұнай бағасы рекордтық көрсеткішке жетті.

  • 16 Маусым
  • 25
Фото: apa.az

Таяу Шығыстағы ахуал ушығып, Израиль Иранға әуеден соққы жасағаннан кейін, әлемдік мұнай нарығы дүрлікті. Brent маркалы мұнай бағасы бірден 6%-ға өсіп, барреліне $75 межесінен асты. Бұл соңғы екі айдағы рекордтық көрсеткіш. Әлемдегі саяси ахуал Қазақстанға қалай әсер етеді? Сарапшылардың пікірі қандай? Caravan.kz медиа порталы жалғастырады.

Бағаның күрт өсуі еліміздің мұнай экспорты арқылы бюджетке қосымша түсім әкелуі мүмкін. Ұлттық қорды толықтырып, теңгенің нығаюына да жол ашылады. Дегенмен, бұл ұзақмерзімді тұрақты үрдіс емес.

Инвесторлар алтынға бет бұрды. Бағалы металл құны бір күнде елеулі өсіп, жаһандық алаңдаушылық деңгейінің индикаторы ретінде қабылдануда.

Журналист Алмас Алтай да бұл болжаммен келіседі. Айтуынша, ағымдағы жағдай еліміздің бюджетін толтыруға мүмкіндік береді.

«Иран соққыға ұшыраған соң мұнай бағасы едәуір өсті, шамамен 9-10%. Бұл енді нақты өсімтал тренд болмаса керек, дегенмен, баға бір долларға өссе де Қазақстанға пайдалы жақтары бар. Қаңтардан мамырға дейін орта есеппен алғанда мұнай бағасы 71,5 — 72$ шамасына сәйкеседі. Демек, Қазақстан дәл қазір пайдада — 18,4 миллиард доллар таза экспорттық түсім бар. Бюджетке 1,8 — 2,5 миллиардтай түсім бар», — деп жазды ол.

Бұл, әлбетте, бюджетке қосымша қуат береді. Ұзақмерзімді болмаса да, едәуір демеп жіберетін тегеурін қосады. 10% өсім, яғни, әр баррельге 80-85$ деген сөз. Болжамды пайданың үстіне тағы да 2,6 — 3,2 миллиард бюджетке үлес болады дейді сарапшы.

«Бюджетке түсім молайса, қосымша салынатын жол, мектеп, аурухана, тартылатын газ бен су деген сөз. Ұлттық қорға құйылатын ақша көбейеді, балалардың шотына түсетін ақша көбейеді», — деп болжады журналист.