Мұнай бағасы 90 долларға дейін көтерілуі мүмкін – Morgan Stanley - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұнай бағасы 90 долларға дейін көтерілуі мүмкін – Morgan Stanley

Мұнай бағасы 90 долларға дейін көтерілуі мүмкін – Morgan Stanley

Америкалық Morgan Stanley банкі Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 90 долларға дейін баруы мүмкін екенін болжады.

  • 17 Мамыр 2018
  • 30
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Baq.kz LS басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Болжам бойынша мұнайдың қымбаттауына кеме дизеліне қойылатын талаптардың өзгеруі себеп болмақ.

«Халықаралық теңіз ұйымы (IMO) кеме жанармайы құрамындағы күкірттің максимум мөлшерін 3,5%-дан 0,5%-ға төмендетуді талап етіп отыр. Бұл ауаны ластаумен күрес мақсатында қолға алынған шара. Жаңа тәртіп 2020 жылдың қаңтарында күшіне енуі тиіс» делінген ұйымның хабарламасында.

Осылайша Morgan Stanley сарапшылары жаңа тәртіптің нәтижесінде кей дизельдерге, оның ішінде кеме дизеліне сұраныс өсіп, бұл жалпы мұнай бағасының көтерілуіне себеп болады деп есептейді.

Мұның алдында Bank of America Corp. мұнай 100 долларға дейін қымбаттауы ықтимал екенін болжаған болатын.

The Ice мәліметі бойынша, 17 мамырда Brent маркалы мұнайдың баррелі $79,39-ға жетті.


Оқи отырыңыз:

Әбунасыр Серіков өзі басқаратын “Нысана” театрынан кетті 

Баян Алагөзова жаңа фильмге ұзын бойлы, сымбатты жігіт пен сұлу қыз іздеп жатыр

Қазақстанға турист әкелетін екі бағдарлама бар: Димаштың концерті мен біздің шоуымыз – Денис Тен
 
 

Соңғы жаңалықтар