Мұнай бағасы тағы төмендеді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұнай бағасы тағы төмендеді

Мұнай бағасы тағы төмендеді

2 сәуірдегі саудадан кейін мұнай төрт-алты пайызға арзандайды.

  • 3 Сәуiр 2020
  • 12
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 11.50-дегі жағдай бойынша, Brent маркалы солтүстік теңіз мұнай қоспасының маусым фьючерстерінің бағасы барреліне 28,53 долларға дейін төмендеді. Ал WTI маркалы мұнайы алты пайызға арзандап, барреліне 23,87 долларға дейін жетті.

Еске салайық, 2 сәуірде мұнай бағасы құлдыраудан кейін бірден бірнеше ондаған пайызға көтерілген болатын.

Осылайша Brent мұнайы 40 пайызға, ал WTI 25 пайызға қымбаттады.


РИА Новости бағаның құлдырауын Ресей мен Сауд Арабиясы арасындағы нарықтағы жағдай туралы келісім жасалатынына байланысты нарықтың скептицизмін көрсетеді деп бағалады.

Сонымен қатар, Америка президенті Дональд Трамп Ресей мен Сауд Арабиясы басшылығымен әңгімесі барысында мұнай өндірудің қысқартылуы туралы талқыланбағанын атап өтті.