Мұнай бағасы үш аптаның ішінде алғаш рет 118 доллар/баррельге дейін қымбаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұнай бағасы үш аптаның ішінде алғаш рет 118 доллар/баррельге дейін қымбаттады

Мұнай бағасы үш аптаның ішінде алғаш рет 118 доллар/баррельге дейін қымбаттады

Кешегі сауданың қорытындысы бойынша Лондон және Нью-Йорк биржаларында мұнай бағасы едәуір қымбаттады.

  • 8 Шiлде 2011
  • 371
Фото - Caravan.kz

Лондон биржасында Brent қоспасының бағасы 4,4 пайызға қымбаттап, үш аптаның ішінде алғаш рет 118 доллар/баррельден асты. Ал Нью-Йорк биржасында WTI мұнайының бағасы 2,1 пайызға қымбаттап, 98 доллар/баррельге дейін жетті, деп хабарлайды РБК агенттігі.

Мұнай фьючерстерінің ресми бағасы маусым айының ортасынан бергі максимальды бағаға алғаш рет кеше жетті. Мұнай бағасының қымбаттауына энерготасымалдағыштарға деген сұраныстың өсу ықтималдығы туралы болжам себеп болып отыр, дейді сарапшылар. Ал сұраныстың артуына өз кезегінде, АҚШ-тың еңбек нарығындағы ахуал мен елдегі шикі мұнайдың коммерциялық қорының қысқаруы себеп болуда.

Соңғы жаңалықтар