Мұнай газ секторында жұмыс жасайтын қызметкерлердің шамамен 43% алатын жалақыларына көңілдері толмайды
Мұнай газ секторында жұмыс жасайтын қызметкерлердің шамамен 43% алатын жалақыларына көңілдері толмайды, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов. |
"Біз наразылық білдірушілердің талаптарын айқындау үшін талдау жүргіздік. Олар жалақының төленбеуі мен көлеміне риза емес екен. Әсіресе мұнай газ секторында жалақы көлеміне көңілі толмайтындардың саны шамамен 43% құрап отыр", деді ол Астанада дүйсенбіде "Самұрық-Қазына" мемлекеттік қоры менеджерлерінің алғашқы форумында.
Сонымен қатар, оның айтуынша, министрлік еңбек дағдарыстары көбірек туындап отырған шамамен 350 кәсіпорын бойынша мониторинг жүргізуде.
"Соның нәтижесінде 500 кәсіпорын жалақы бойынша 2,5 млрд теңге қарызын жапты. Өкінішке орай, жалақы бойынша қарыз әлі де үлкен, елімізде бүгінгі күнге шаққанда 1 млрд 137 млн теңге қарыз бар", деді министр.
Оның айтуынша, министрлікте еңбек ұжымдарындағы жағдайдың шиеленісу деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін көрсеткіштерді белгілеу көзделген.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін