600 шаршы метрге жайылған өрт бес сағаттан кейін сөндірілді.
PetroKazakhstan баспасөз қызметі мәлімдегендей, тұрғын үй кешені «ПетроҚазақстан Құмкөл» АҚ мердігері болып табылатын «Шапағат» жөндеу-механикалық зауыты» ЖШС-ке тиесілі.
Түтіннен уланған деген күдікпен «Шапағат» зауытының 26 жұмысшысы дәрігерге жүгінген. Олар дәрігерлік тексеруден кейін амбулаторлық емдеуге жіберілді.