Мұнай компанияларының бірін басқарған шетелдік өзіне өзі 131 мың доллар сыйақы тағайындаған - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұнай компанияларының бірін басқарған шетелдік  өзіне өзі 131 мың доллар сыйақы тағайындаған

Мұнай компанияларының бірін басқарған шетелдік өзіне өзі 131 мың доллар сыйақы тағайындаған

Еліміздегі компаниялардың бірін басқарған шетелдік Павел Маркман деген азамат өзіне 131510 АҚШ доллары көлемінде сыйақы белгілеген.

  • 4 Желтоқсан 2017
  • 573
Фото - Caravan.kz

Бұл жайында Caravan.kz медиа-порталы  хабарлайды. Ал әлгіндей сыйақы белгілеген шетелдіктің бұйрығын әлеуметтік желіге суретімен бірге  Наталья Садыкова жүктеді. 

Мұнайдан түскен пайданы неге көрмейтінімізді білесіздер ме? Себебі, қазақстандық ресурстарда байлыққа жақын жандар ғана жүреді. Мыңбаев қана емес, көптеген шетелдіктер де бар. Олар жергілікті мамандардың орындарын алғанымен қоймай, байлықты барынша сапырып отыр.

Мысалы, осы жазға дейін «ҚазМұнайГаз» АҚ-на еншілес компаниялардың бірінің директоры болған Павел Маркман өзіне 130 мың доллар сыйақы тағайындаған. Бірақ мұнайдан осынша ақшаны күреп тапқан Ресей азаматы Маркман отанына тайып тұрды, делінген.

Суретте «Урихтау Оперейтинг» ЖШС-на тиесілі бланктегі бұйрықтың «ҚазМұнайГаз» АҚ шешімі негізінде шығарылғанын байқауға болады. Дегенмен, бұйрыққа қол қойылғанымен мөр басылмаған және нөмірі мен күні белгіленбеген.


Соңғы жаңалықтар