Мұнай құбырларын бетонмен қаптау жөніндегі Әзербайжан-Германия бірлескен кәсіпорны Қазақстаннан тапсырыс алуға мүдделі - kaz.caravan.kz
  • $ 520.91
  • 544.25
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұнай құбырларын бетонмен қаптау жөніндегі Әзербайжан-Германия бірлескен кәсіпорны Қазақстаннан тапсырыс алуға мүдделі

Мұнай құбырларын бетонмен қаптау жөніндегі Әзербайжан-Германия бірлескен кәсіпорны Қазақстаннан тапсырыс алуға мүдделі

Мұнай құбырларын бетонмен қаптау жөніндегі Әзербайжан-Германия бірлескен Eupec-Azerbaijan кәсіпорны Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі жобаларды жүзеге асыру аясында Қазақстаннан тапсырыс алуға мүдделі. Бұл туралы Бірлескен кәсіпорынның бас менеджерінің орынбасары Мамед Аббасов журналистерді құлағдар етті,- деп хабарлайды Бакудегі KZ-today тілшісі.

  • 26 Мамыр 2004
  • 673
Фото - Caravan.kz

М.Аббасовтың айтуынша, Eupec-Azerbaijan кәсіпорны — құбырларды бетондаумен айналысатын Каспий өңіріндегі бірден-бір кәсіпорын болғандықтан, Қазақстан, Ресей және Түрікменстан республикаларынан тиісті тапсырыстар алуға мүдделі. «Иран туралы мәселе қаралған жоқ, бірақ оны да санаттан шығаруға болмайды»,- деді ол.

М.Аббасовтың хабарлауынша, қазір зауытта «Азери-Чираг-Гюнешли» кенішін игерудің «Фаза-2» сатысында тартылатын су асты құбырларын бетонмен қаптау жұмыстары жүзеге асырылуда. Eupec-Azerbaijan бұл сатыда түрлі диаметрлі 221 шақырым құбырды бетонмен қаптайды. Қазіргі жағдаймен жұмыстардың 15 проценті атқарылды.
Сондай-ақ, бұл кәсіпорын Баку-Тбилиси -Жейхан мұнай құбыры желісін тарту жобасы аясындағы құбырларды бетонмен қаптау жобасын жүзеге асыруда.
Бұл жоба аясында Eupec-Azerbaijan өзендер түбімен тартылатын 11 шақырым құбырды бетонмен қаптауы тиіс.
Eupec-Azerbaijan бірлескен кәсіпорны Германияның Eupec Pipe Coatings және Әзербайжанның Azpetrol компаниясының қатысуымен құрылған. Бірлескен кәсіпорынды құруға 15 млн. доллар көлемінде инвестиция жұмсалды.
«Азери-Чираг-Гюнешли» және «Шах-Дениз» кеніштерін игеру жобасы аясында кәсіпорын 700 шақырымдай құбырды қаптады.