Жарияланды: 410

Мұнайдан басқа, тау-кен өнеркәсібіне әлемдік бағаның төмендеуі ел экономикасына өз әсерін тигізді

Мұнайдан басқа, тау-кен өнеркәсібіне әлемдік бағаның төмендеуі ел экономикасына өз әсерін тигізді.

Дегенмен, басқа секторлар бойынша түсімдер азайған жоқ. Бүгін Парламент Мәжілісінде «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша баяндаған Қаржы министрі Болат Жәмішев осылай мәлім етті. Министрдің айтуынша, экономиканың басым секторларындағы түсімдер жоспарланған шекте болжанады. «Жергілікті бюджеттер түсімдер бойынша өздерінің жоспарын да озық негізбен орындап жатыр», - дейді Қаржы министр. Сонымен қатар, Болат Жәмішев шығыстарды қысқартуға тоқтала келе, бұл ретте ең үлкен оңтайландыру сомалары Көлік және коммуникация, Ауыл шаруашылығы, Президент Іс басқармасы мен Қаржы министрлігіне, Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне тиесілі екенін жеткізді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін