Мұнайдан түсетін кіріс Қазақстан экономикасын түрлендіруге жақсы жағдай жасап отыр - ҚР үкімет басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұнайдан түсетін кіріс Қазақстан экономикасын түрлендіруге жақсы жағдай жасап отыр - ҚР үкімет басшысы

Мұнайдан түсетін кіріс Қазақстан экономикасын түрлендіруге жақсы жағдай жасап отыр - ҚР үкімет басшысы

Мұнайдан түсетін кіріс Қазақстан экономикасын түрлендіруге айтарлықтай мүмкіндіктер тудырып отыр. Бұл туралы бүгін, 11-ақпанда Астанада өткен ҚР қаржы министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде үкімет басшысы Даниал Ахметов пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 11 Ақпан 2004
  • 664
Фото - Caravan.kz

«Жалпы алғанда, еліміз экономикасында құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыру үшін Салық Кодексіне енгізілген өзгерістер жеткілікті ме дегенді бағалау қажет»,- деді Д.Ахметов. «Мұнай саласынан мемлекетімізге түсетін кіріс көлемі 28 процентті құрағанына қарап, Салық кодексіне енгізілген өзгертулер жеткілікті деген тұжырым жасауға негіз бар. Бұл, сөз жоқ, оңды факторға жатады. Дейтұрғанмен, орташа дүниежүзілік көрсеткіштермен салыстырғанда, оны ауыз толтырып айтарлық деуге келмейді. Бірқатар елдердің мұнай секторынан түскен кірісіне талдау жасау қорытындысы осыны айғақтап берді»,- деді ҚР үкімет басшысы.

Д.Ахметовтың айтуынша, бюджет құрылымындағы мұнай секторынан түсетін кірістің үлес салмағы АҚШ-та 8%, Норвегияда 8,6%, Біріккен Араб әмірліктерінде 18,6%-ті құрайды. «Индустриялық жоғары дамыған елдерге жататын кейбір мелмекеттерде бұл көрсеткіш біршама төмен»,- деді ҚР үкімет басшысы. Оның айтуынша, кіріс үлесінің 28%-ті құрауы «еліміздің даму деңгейін көрсетумен бірге экономиканы шикізат бағытынан өңдеу саласына қарай жедел бейімдей диверсификациялау қажеттігін» паш етіп отыр. Д.Ахметовтың пікірінше, мұнайдан түсетін кіріс Қазақстан экономикасын түрлендіруге жақсы жағдай жасап отырғандықтан бұл ахуалды «тым ушықтыра суреттеудің қажеті шамалы».

Соңғы жаңалықтар