Мұнайдың әлемдік бағасы едәуір өсті
Еуропадағы қарыз дағдарысының Италияға тарау ықтималдығына орай туындаған алаңдаушылыққа байланысты, |
12 шілде күнгі сауданың қорытындысы бойынша мұнайдың әлемдік бағасы тағы өсті, деп хабарлайды РБК агенттігі.
Нью-Йорк биржасында Light Sweet мұнайының ресми бағасы 2,28 долларға көтеріліп, 97,43 доллар/баррельді құраса, Лондон биржасында Brent мұнайының бағасы 0,51 долларға қымбаттап, 117,75 доллар/баррельге жетті.
Қара алтынның бағасы Италия өкіметі өз қарыз проблемаларын шешу үшін орналастырған қазынашылық облигацияларының ставкаларымен қатар өсіп отыр. Италияның мемлекеттік берешегі жалпы ішкі өнімнің 120 пайызын құрайды - Еуропа елдерінің ішінде бұдан үлкен көрсеткіш тек Грекиянікі.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін