Жарияланды: 450

Мұнайдың әлемдік биржадағы бағасы көтерілді

Әлемнің басты мұнай биржаларында бейсенбіде өткен сауда қортындысында әлем рыногындағы Brent маркалы мұнай бағасы көтерілді, деп хабарлайды Лондон және Нью-Йорк биржаларының сайты. Жақын айларда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің орташа есептеген бағасы Лондонда InterContinental Exchange Futures (ICE) - IСE Brent Crude Futures Electronic $114,02 (+1,01)/барр. ICE мәліметтеріне сәйкес сауда күні баррель мұнайдың бағасы $112,55 - $114,94 аралығында

құбылып тұрды. Жақын айларда жеткізілетін New York Mercantile Exchange мұнай фьючерстерінің орташа есептеген бағасы Light,Sweet Crude Oil келісімшартына $94,95 (+0,14)/барр. болды. NYMEX мәліметтеріне сәйкес, сауда күні баррель мұнайдың бағасы от $94,29 - $95,75 аралығында құбылып тұрды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін