Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Млечиннің айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев іссапарға барған әр елдің тілінде сөйлесуі— бұрын-соңды болмаған жағдай.
Сарапшы Президенттің Дональд Трампқа ерекше әсер еткенін атады. Өзге меймандардың арасында Қазақстан көшбасшысын ерекшелеген де осы қасиеті екенін алға тартты.
Ресейлік сарапшы әсіресе Астана мен Пекин арасындағы қарым-қатынасты жылы деп бағалады және Қасым-Жомарт Тоқаев әрдайым ұлттық мүддені бірінші орынға қойып, алға жылжытатынын айтты.
— Басқа мемлекеттердің жетекшілері олардың алдында өз елін өзгертіп жатқан мемлекет басшысы тұрғанын айқын көреді, түсінеді. Біз де көріп отырмыз, саяси реформадан кейін экономикалық, әлеуметтік реформалар да сәтті жүзеге асып жатыр. Әлбетте, басқа мемлекеттердің де жетекшілері мұны байқап, қазақ елінің өрлеп, жылдам қарқынмен дамып келе жатқанын аңғарып отыр. Мұндай серіктеспен бәрі жұмыс істегісі келеді, — деді Млечин.