"Мұқтаж емеспіз": Алтынай Жорабаева экс-күйеуінің қыздарына көмектеспейтінін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мұқтаж емеспіз": Алтынай Жорабаева экс-күйеуінің қыздарына көмектеспейтінін айтты

"Мұқтаж емеспіз": Алтынай Жорабаева экс-күйеуінің қыздарына көмектеспейтінін айтты

Алтынай Жорабаева Сәбит Әбдіхалықовпен ажырасқан соң елордаға көшіп кеткен. Содан бері қыздардың да әкемен ара-қатынасы үзілген. Бірнеше жыл өтсе де, Әбдіхалықов перзенттерін бір іздеп келмепті. Тіпті, ешқандай көмек көрсетпейтін көрінеді.

  • 2 Сәуiр 2019
  • 397
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Алтынай 31 арнаның "Өнер мен өмір" бағдарламасында айтты, деп жазады Stan.kz.

"Біз оған мұқтаж емеспіз. Біз оған қалай айтамыз? "Көмектес" деп айтуымыз керек пе?" — деген Жорабаева Әбдіхалықовпен заңды түрде ажырасқанын, алайда алимент талап етпегенін атап өтті.

"Жақында үлкен қыз өзі жазыпты, біздің альбомдарымыз қайда деп? Төрт қызымда да қалай туылады солай суретке түсіре беремін. Сөйтіп жинаймын. Сол альбомды алып кеткен екен, соны сұрапты. Алып кеп, екеуі кездескен. Сонда "көмектесейін ба?" деп сұрапты. Қызым "керек емес" депті. Оны сұрап көмектесу керек па негізінде? Мен білмеймін. Қыздарыммен қалай аралысқылары келеді, өздері біледі. Араласпа болмаса телефондарыңды блокқа қойыңдар деп айтқан емеспін. Енді адамнан мейірім болмаса жауапты күтуге болмайды ғой. Оның үстіне, қыз бала нәзік жанды", — дейді Жорабаева



 

Соңғы жаңалықтар