Мұрат Өнал: Ата-анам атажұртқа шығарып саларда былай деп айтқан еді... - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұрат Өнал: Ата-анам атажұртқа шығарып саларда былай деп айтқан еді...

Мұрат Өнал: Ата-анам атажұртқа шығарып саларда былай деп айтқан еді...

Голландиядағы қандасымыз Мұрат Өнал атажұртқа алғаш рет табан тіреді. Аты аңызға айналған «Аякс» футбол мектебінің түлегі қазақстандық «Қыран» командасымен келісім-шартқа отырған болатын. Шымкенттік командаға арнайы шақыртумен келген спортшы қала әкімі  Дархан Сатыбалдының қабылдауында болды, деп хабарлайды alaman.kz  «Отырар» арнасына сілтеме жасап.  

  • 9 Сәуiр 2014
  • 635
Фото - Caravan.kz


Мұрат Өнал кәрі құрлықтан Шымкент қаласының әкіміне кәдесый ретінде әкелген Голландия ұлттық құрамасының жейдесін тарту етті. Сондай-ақ, ол Шымкентте қазақтардың көптігіне риза болғанын жасырмады. Айтуынша, Голландияда қырық шақты қазақ отбасы тұрады екен.

«Осынша көп қандастарымды өмірімде алғаш рет көрдім. Маған осындай мүмкіндік сыйлаған Шымкент қаласының әкіміне шексіз алғыс айтамын. Мұнда менің ана тілімді үйренуіме көптеген қазақ балалары көмектесуде», — деді ол.

Түркияда туып, Голландияда өскен Мұрат Өнал ағылшын және түрік тілдерінде сөйлейді.

«Мақсатым — қазақ қызына үйленіп, осында отбасын құру. Ата-анам мені атажұртқа шығарып саларда «футбол ойнамасаң да, Қазақстанда қалуға ұмтыл» деген-ді. Әке-шешемнің үмітін ақтауға тырысамын. Қазақстанның Голландиядан айырмашылығы көп. Маған «Аякс» футбол мектебінде жаттығу бақыты бұйырды. Бірақ, онда қазақ балаларының көпшілігінде футболмен айналысу мүмкіндігі жоқ. Себебі, ондағы спорт мектептерінде оқу үлкен қаржыны талап етеді. Ал қызғалдақтар еліндегі қандастардың көпшілігінде ондай мүмкіндік жоқ. Сол себепті, қазақ балары ер жете жұмыс істеп, қаражат табуға тырысады», — дейді Мұрат.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера