Мұрат Оспанов Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұрат Оспанов Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

Мұрат Оспанов Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

Облыс әкімінің өкімімен Оспанов Мұрат Мағауияұлы Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды,

  • 2 Маусым 2011
  • 542
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады аймақ басшысының баспасөз қызметі.

Мұрат Мағауияұлы Оспанов 1967 жылы Алматы қаласында туған. Семей технологиялық институтын және Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын «Семипалатинскмелиорация» өндірістік құрылыс -эксплуатацилық бірлестігінде гидрогеолог мастері болып бастайды.

1991 — 2002 жылдары коммерциялық кұрылымдарда еңбек етті.

2004 — 2008 жылдары Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік сатып алулар жөніндегі басқарманың бастығы, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттіктің Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары лауазымдарын атқарды.

2008 -2010 жылдары Павлодар облысы әкімі аппаратының басшысы қызметінде болды. 2010 жылғы қарашадан бастап Павлодар облысы әкімінің орынбасары болып қызмет істейді.

Соңғы жаңалықтар