Мұратхан Тоқмәдиді қамау мерзімі ұзартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұратхан Тоқмәдиді қамау мерзімі ұзартылды

Мұратхан Тоқмәдиді қамау мерзімі ұзартылды

"КазСтройСтекло" зауытының директоры Мұратхан Тоқмәди екі айға қамалды деп хабарлады Алматы қалалық сотына сілтеме жасаған Ten

  • 8 Тамыз 2017
  • 348
Фото - Caravan.kz

"КазСтройСтекло" зауытының директоры Мұратхан Тоқмәди екі айға қамалды деп хабарлады Алматы қалалық сотына сілтеме жасаған Tengrinews.kz сайты. "1 тамызда Алмалы аудандық соты Мұратхан Тоқмәдиді қамауда ұстау мерзімін үш айға, яғни 13 қыркүйекке дейін ұзарттты" деген сот өкілі.

Мұратхан Тоқмәди 12 маусым күні таңертең Қылмыстық кодекстің 194-бабы 3-бөлімінің 2-тармағы бойынша ("ірі көлемдегі мүлікті иелену мақсатымен бопсалау") күдікті ретінде ұсталған. Алмалы аудандық соты Тоқмәдиді екі ай мерзімге қамауға санкция шығарған.

Қазақстан бас прокуратурасы бұған дейін "ауыр және аса ауыр қылмыс жасады" деген күдікке ілінген Мұратхан Тоқмәдиге қатысты соталды тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлаған. "Күдіктінің үйін тінту кезінде қаржы құжаттары, криминалдық қару, оқ-дәрі, жалған құжат және өзге де заттай айғақтар табылды. Азаматтардың арызы мен өтініші бойынша қосымша тергеу жүріп жатыр" деп хабарлаған бас прокуратура.

Ресми мәлімет бойынша, Тоқмәди "2005 жылы аты-жөні анықталмаған адамдармен сөз байласып, "Семрюжком" фирмасы мен "КазСтройСтекло" құрылтайшысына күш көрсету арқылы бопса жасап, аталған кәсіпорындардағы жарғылық капиталының үлесін иеленген".


Полиция 12 маусымда "КазСтройСтекло" зауытын тінтіген. Зауыт бас директорының орынбасары Людмила Шепелева сол кезде Азаттыққа зауыт аумағында тінту жүргізіліп, компьютерлер мен құжаттар тәркіленгенін хабарлаған. Тоқмәдидің жақындары оны кінәсіз деп санайды.