Президенттің қаулысымен Аслан Мусин премьер министрдің орынбасары-экономика және бюджетті жоспарлау министрі, Ғалым Оразбақов- индустрия және сауда министрі, Жансейіт Түймебаев — білім және ғылым министрі, Даниал Ахметов — қорғаныс министрі болып тағайындалды.
Бұдан өзге Елбасының бұйрығымен Мұхтар Алтынбаев — рсепублика қорғаныс министрінің бірінші орынбасары-штаб жетекшілері комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
Осыған дейін бұл екі қызметті атқарып келген Болат Дарбеков өзге қызметке ауысуына байланысты президенттің үкімімен бұл орыннан босатылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті