Мұстафа Өзтүріктің жары күйеуімен қалай танысқанын айтып берді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұстафа Өзтүріктің жары күйеуімен қалай танысқанын айтып берді

Мұстафа Өзтүріктің жары күйеуімен қалай танысқанын айтып берді

Қазақтарды жамандаған біреуді көрсе қатты намысы келетін.

  • 28 Наурыз 2022
  • 77
Фото - Caravan.kz

Әлеуметтік желіде Мұстафа Өзтүріктің жары Нұрила Өзтүрік жайлы естеліктің үзіндісін жариялады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

"Екеуміздің арамыздағы таныстық 1980 жылы басталды. Ол уақытта біз Мюнхенде тұратынбыз. Мұстафа Қытайда бірге оқыған жолдасының үйіне келген екен.Жұмыссыз жүрген болатын. Паспорт алу үшін бес жыл күтуі керек еді. "Бізбен бірге болады" деп қажетті мөрді қойдыртып алдық. Сөйтіп жүргенде екеуміз бір-бірімізді жақын тани түстік. Кейіннен бірге шаңырақ көтердік"- деді Нұрила

Оның айтуы бойынша, өзі Түркияда дүниеге келді. Сегізге толған кезінде отбасымен Мюнхенге көшкен еді. Тұңғыш әрі жалғыз ұлы Нәзірбек 1980 жылы 30 қараша күні дүниеге келді. Оның артынан ерген екі қызы бар. Үлкені Неслиханды 1984 жылы 26 ақпан күні босанды. Кіші қызым Асылхан 1988 жылы 16 маусым күні туылды.

Мұстафа жайлы айтқанда, ол өтірік айтуға жаны қас адам болғанын түртіп өтті. Жалған сөйлегендерді жақтырмайтын. Өзі туралы өтірік айтқандарға ашуланатын. Қазақ атына кір келтіретін, қазақтарды жамандаған біреуді көрсе қатты намысы келетін. Түркиядағы ағайындар Мұстафаны қатты сыйлаған. Сапардан оралғанда "Мұстафа ағам келді" деп балалардың қуанышында шек болмаушы еді. Дәстүрді берік ұстанғаны болар, ең алдымен үлкендерге амандасып шығатын.

Туыстарының үйіне барып, түн ортасына дейін әңгіме айтып, кеңесіп отырғанды ұнататын. Туыстарын қатты сыйлады. Іштей елжіреп отырушы еді. Маңайында оны жақсы көрмеген адам жоқ.


Мұстафаның ең сүйікті тағамы – қазақтың ұлттық тағамдары еді. Содан кейін, қытайша пісірілген тамақты жақсы көретін. Қытайша тамақ пісіруді де үйренуге тура келді. Үйге қонақ шақырғанды, қонақ күткенді жақсы көретін.

Оның және әйел затына құрметі айрықша еді. Анасы мен жалғыз қарындасын қатты сыйлайтын. Қытайдан оқудан оралғанда үйін, анасын сағынып келетін. Өз қыздарына да ықыласы ерекше.

Көңілді кезінде Мұстафадан асқан бауырмал, балажан адам таба алмайсың. Балаларын ойнатып жүретін. Ал, ашуланғанда қасына жақындауға қорқатынбыз.

"Үлкен қызымызды "Дудуш" деп еркелететін. Үйде көп болмайтындықтан, қыздарының тәрбиесіне көп көңіл бөле алмады. Өкінішке қарай, ұлының ержеткенін, қыздарының бойжеткенін көре алмады"- деп аяқтады Нұрила.