«Мұсылман елдерінің Батыспен қарым-қатынасы әлемдік саясаттағы ең күрделі мәселенің бірі болып қалып отыр. Соңғы жылдары батыс елдері мұсылман әлемін бірінші кезекте радикалды исламмен байланыстырып жүр», — деді Н.Назарбаев Ислам ынтымақтастық ұйымының СІМ кеңесі сессиясында.
Н.Назарбаев «шынайы исламның экстремистік, террористік құрылымдармен ешқандай байланысы жоқ» екенін тілге тиек етті.
«Біз исламның саяси зорлық-зомбылықпен де, экстремизм, терроризммен де ешқандай байланысы жоқтығын мәлімдеуіміз керек», — деді ол.
Президент Ұйым елдеріне интернет арқылы Ислам ынтымақтастық ұйымының қызметін насихаттап, жастарды ислам діні мен ислам мәдениетіне баулитын, діни құндылықтарды тарататын арнайы сайт ашуды ұсынды.
«Қазір біз мұсылман әлемі мен Батыс арасында ашық диалог орнатуымыз керек», — деп қорытты елбасы.
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр