Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Блогер келіншек “Айтарым бар” подкастында қонақ болып, балаларының тәрбиесіне қатысты сұраққа жауап берді.
“Жалпы діни отбасы деп айтуға болады. Балаларды шариғат жолымен тәрбиелейміз. Бес уақыт намаз оқимыз. Балаларымыз намаз оқымаса, біз үшін үлкен кемшілік болатын еді. Аминокқа «мен намаз оқимын, әкең намаз оқиды» деп айтып отырамын. Намаз – әр адамға парыз. Тақсырға да айтамын: «біз үлгі болайық, діни тәрбие берейік» деп. Сымбат намазға өзі келді. Әмина мен Сымбат Құран оқи алады, арнайы дәріске жібердік. Күн сайын әкесі екеуміз де Құран оқимыз», – деді желі жұлдызы.
Сонымен қатар әншінің әйелі балалары дінге өз еркімен келгенін, орамал тағу туралы шешімді де өздері қабылдағанын айтты.
«Бір күні Сымбат орамал тағайын деді. Орамалдың ойыншық емес екенін айтып түсіндірдім. Мүслім, Мариям, Ибрагим әлі кішкентай. Бірақ мұсылман балабақшасына барады. Ол жақта да дұға, Алланың 99 есімін үйретеді», – деді Фариза Жұманова.