Мұсылман елдерінде әділдікке негізделген экономикалық өсімді жүзеге асыратын нақты ресурстар бар - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұсылман елдерінде әділдікке негізделген экономикалық өсімді жүзеге асыратын нақты ресурстар бар

Мұсылман елдерінде әділдікке негізделген экономикалық өсімді жүзеге асыратын нақты ресурстар бар

"Бізде әділдік пен ашықтық қағидаттарына негізделген экономикалық өсім туралы айқын көзқарас және оны жүзеге асыратын нақты ресурстар бар", - бүгін Астанада жалғасып жатқан деді 7-ші Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумында Джибути Республикасының президенті Исмаил Омара Гелле.

  • 8 Маусым 2011
  • 525
Фото - Caravan.kz

«Астанадағы 7-ші Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумы аса шешуші кезеңде, көптеген экономикалық қарым-қатынастардың әлемдік саясат деңгейінде дамып жатқан уақытта өтіп отыр. Бүгінгі таңда әлемдік экономиканы жаңа әрі әділ ережелердің негізінде құрудың мерзімі келді. Оны барлығы жақсы түсінеді. Осы орайда Ислам конференциясы ұйымына мүше елдердің маңызды әрі бекем ұстанымы саяси, экономикалық және қаржылық дәрежеде қатты сезіліп отыр. Себебі олар бай табиғи және ақшалай ресурстарға ие. Меніңше, бүгінде Астанда өтіп жатқан Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумы кезінде бізге өз құндылықтарымыз бен идеяларымызды бір-бірімізге жеткізетін тарихи мүмкіндік беріліп отыр. Бізде әділдік пен ашықтық қағидаттарына негізделген экономикалық өсім туралы айқын көзқарас және оны жүзеге асыратын нақты ресурстар бар», — дейді Исмаил Омара Гелле.

Джибути Республикасының Президенті атап көрсеткендей, қазіргі кезде Ислам конференциясы ұйымына мүше 22 мемлекет әлемдегі ең дамымаған елдер болып саналады. Бүгінде олар азық-түлік тапшылығы сияқты аса өзекті проблемаларға тап болуда. «Сондай-ақ біздің ұйымда әлемдегі ең дамыған әрі табиғи ресурстарға бай мемлекеттер бар. Біз дүниежүзіндегі халықтың 22 пайызын құрап отырмыз. Дейтұрғанмен, жаһандық ішкі жалпы өнімдегі біздің үлесіміз 17-ақ пайызға тең. Ал әлемдік саудада біз 10 пайыздық көрсеткішке ие болып келеміз. Алдағы уақытта біз одан да жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуіміз қажет. 2020 жылға дейін Ислам конференциясы ұйымына мүше елдердің сыртқы экономикалық ынтымақтастығын 20 пайызға дейін жеткізу үшін біз өзара тығыз әріптесткке барынша күш салуымыз қажет», — деп атап көрсетті Исмаил Омара Гелле.

Соңғы жаңалықтар