Мұсылман елдерінің экономикасы көтерілгенше үздіксіз жұмыс істеу қажет - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұсылман елдерінің экономикасы көтерілгенше үздіксіз жұмыс істеу қажет

Мұсылман елдерінің экономикасы көтерілгенше үздіксіз жұмыс істеу қажет

Мұсылман елдерінің экономикасы көтерілгенше үздіксіз жұмыс істеуіміз қажет.

  • 8 Маусым 2011
  • 571
Фото - Caravan.kz

Бүгін Астанада жалғасып жатқан 7-ші Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумында Малайзияның Премьер-министрі Наджиб Сри Дато Тун Абдул Разақ осылай айтты.

Оның пайымдауынша, Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумы барлық мұсылман елдері үшін өзара пікір алысып, сұхбаттасудың ең қолайлы алаңы. «Бұл жерде біз бизнестен бастап, мемлекеттік басқаруға дейінгі барлық өзекті мәселелерді талқылап, нақты шешімдерге келе аламыз. Ал ол ұсыныстар мен шешімдерді іске асыру үдерісі үздіксіз, мұсылман елдеріндегі мемлекеттік жүйе сапалы болғанға дейін жүріп отыруы тиіс. Осының арқасында біз тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етіп, өз халқымызды көркейте аламыз. Біз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бірге жұмыс жасаумыз қажет. Бұл жұмыстың негізі ашықтық пен әділдік болуы шарт. Сонда ғана біз ұлттық шекарадан шығып, өзара ұйысуға жол аша аламыз», — дейді ол.

Соңғы жаңалықтар