Мұсылман қауымы асыға күткен Көкшетаудағы жаңа мешіт пайдалануға берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұсылман қауымы асыға күткен Көкшетаудағы жаңа мешіт пайдалануға берілді

Мұсылман қауымы асыға күткен Көкшетаудағы жаңа мешіт пайдалануға берілді

Бүгін Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы,

  • 16 Қыркүйек 2015
  • 571
Фото - Caravan.kz


Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының қатысуымен Көкшетаудағы жаңадан салынған мешітті ашу салтанатына өтті.

Еске сала кетсек, қала тұрғындары мен жергілікті мұсылмандардың рухани және діни орталығына айналатын жаңа мешіт салу осыдан 5-6 жыл бұрын қолға алынған болатын. Алғашқы жылдары қарқынды басталған құрылыс жұмыстары кейін қаржы тапшылығынан сәл баяулап қалған еді. Соңғы бірер жылда облыстық әкімдіктің қолдауымен қаржы мәселесі оң шешіліп, ақмолалықтар тағатсыздана күткен мешіт бүгін есігін айқара ашып отыр.
Мешіттің ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Сергей Кулагин мен Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы барша мұсылман қауымын осынау ортақ қуанышымен құттықтады.
Ақмола облыстық тарихи-мәдени мұра қорының тапсырысы бойынша бой көтерген мешіттің құны — жоба бойынша 1,4 миллиард теңге. Қаржы көзі негізінен облыстық тарихи-мәдени мұра қорына түскен ақша мен халықтың берген садақасы есебінен бөлінді. Құрылыс жұмыстарын жүргізген бас мердігер — «Көкше-Мастер» ЖШС-і. 
Діни ғимаратта бір мезетте 1200 жуық адам намаз оқи алады. Мешіттің 4 мұнарасының әрбірінің биіктігі 25 метрді құрайды. Шатырдың сәулеті классикалық үлгідегі көп деңгейлі күрделі құрылыс. Шатырында түрлі деңгейдегі 2-і бас күмбез және 15 кіші күмбездер орнатылған. Тамаша сәулет кешенінің ең көз тартар тұсы — ол өзіндік сәулет стилі мен ғимараттың сыртын Әзербайжан елінен алдыртқан «Аглай» тасымен қапталғанында деуге болады. Мешітке «Науан Хазірет мешіті» атауы беріліп отыр.
Сондай-ақ, мешітте ғибадатханалар, неке қию рәсімін өткізуге арналған бөлмелер, Құран оқуға арналған залдар, мешіт қызметкерлеріне арналған кабинеттер, кітапхана, жалпы саны 350 адамға арналған асханасы да бар.
1
4
2

Соңғы жаңалықтар