Мұсылмандар мен христиандар саны қашан теңесетіні белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұсылмандар мен христиандар саны қашан теңесетіні белгілі болды

Мұсылмандар мен христиандар саны қашан теңесетіні белгілі болды

Әлемге белгілі Pew Research зерттеу орталығы әлем халқының діни ұстанымына қатысты қызықты болжам жасап отыр. Аталмыш орталықтың мәлімдеуінше, 2070 жылдарға қарай жер бетіндегі мұсылмандар мен христиандар саны тарихта тұңғыш рет теңесетін болмақ.

  • 10 Ақпан 2017
  • 460
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ, әлемдегі құдайға сенбейтіндер мен діни ұстанымы жоқ жандардың да саны арта түсетін көрінеді. Ал, Еуропадағы мұсылмандар саны жалпы халықтың 10 пайызынан кем болмайды.

Мұсылмандар санының көптігі жөнінен алғашқы орынға Үндістан тұрақтайтын болады-мыс. Ал, қазіргі кезде АҚШ халқының 75 пайызын христиандар дінін ұстанатындар саны бірнеше онжылдықтан соң 60 пайызға төмендемек.

Болжам нәтижелері аталмыш орталық қызметкерлерінің әлемдегі ірі діндер қазіргі ахуалына, туу және өлім көрсеткіштеріне, жас айырмашылықтарына, миграциялық көші-қон мен өзге дінге өту секілді жайттарды тыңғылықты зерттеуінен кейін жарияланып отыр.