Мұсылмандар одағы Қазақстан атауын өзгертуге қатысты бірнеше нұсқа ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
15 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұсылмандар одағы Қазақстан атауын өзгертуге қатысты бірнеше нұсқа ұсынды

Мұсылмандар одағы Қазақстан атауын өзгертуге қатысты бірнеше нұсқа ұсынды

Біртүрлі ойларымен танымал Мұрат Телібеков басқаратын Қазақстан мұсылмандар одағы елдің жаңа атауының бірнеше нұсқасын ұсынып, өз талап-тілектерін ел үкіметіне жолдады.

  • 25 Қазан 2016
  • 1205
Фото - Caravan.kz

Қазақстан мұсылмандар одағы мен Орталық Азиядағы адам құқығы бойынша мұсылман комитеті үкіметке мынадай атауларды ұсынды: «Данышпан Ел» (Гениальный народ), «Ұлы Ел» (Великий народ), «Ақылды Ел» (Мудрый народ), «Бай Ел» (Процветающий народ), Керемет Ел (Чудесный народ), «Батыр Ел» (Богатырский народ), деп хабарлады ҚМО баспасөз қызметі.

ҚМО және ОА АҚМК басшылықтарының пайымдауынша, ұсынылған жаңа атаулар Қазақстан халқын жігерлендіре түсіп, еліміздің экономикалық дамуына сүбелі үлесін қосады. Одан бөлек, инфляцияның төмендеп, елдің қорғаныс қабілетін арттырып, спорт, ғылым және мәдениет салаларында айтарлықтай жетістіктерге жетуге көмектеседі.


«Біздің бар қасіретіміз – ел азаматтырының көпішілігі үшін елдің қазіргі атауының мән-мағынасының жоқтығында. Қазақстан атауында батырлыққа, талмай еңбектенуге шақырмайды. Сол себепті де шетелдіктер қазақстандықтарды басқа әлемде өмір сүретін немесе өзгенің бақшасын төңіректеп жүрген, ештеңемен ісі жоқ адамдар ретінде қабылдайды», – делінген ел премьеріне жолданған хатта.

Қазақстан мұсылмандары жоғарыда аталған атауларды бір уақытта қолдануды ұсынып отыр. Айтуларынша, осылайша Қазақстан экономикалық дамуы жағынан Америкадан асып түсіп, ұлт рухани дамуында бұрын-соңды болмаған жетістіктерге жетеді.

Перейти к новостям спорта