Мұсылмандар қасиетті Рамазан айына дайындалуда - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұсылмандар қасиетті Рамазан айына дайындалуда

Мұсылмандар қасиетті Рамазан айына дайындалуда

АЛМАТЫ. 19-қыркүйек. Kazakhstan Today.Қыркүйектің 23-нен 24 -не қараған түні барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл жөнінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Әбсаттар қажы Дербісәлі баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 19 Қыркүйек 2006
  • 363
Фото - Caravan.kz

«Алғашқы жылдардағыдай , әлемнің барша мұсылманы, олардың саны бүгінде 2 млрд. жуық, осы мейрамды асыға күтуде»,-дейді Ә.Дербісәлі. Оның айтуынша, Құранда көрсетілгендей, Рамазан айында Мұхаммед пайғамбарға қасиетті Құранның алғашқы аяттары жіберілген. «Осы бір ай бойы мұсылмандар ауыз бекітіп ораза ұстауы тиіс, нәпсілерін тыйып, бес уақыт намаз оқулары керек», дейді бас муфтий.

Ә.Дербісәлі Рамазан уақытында мұсылмандар пітір садақа беруі тиістігін атап өтті .

«Пітір садақа Қазақстанның әр қаласында әртүрлі болып өзгеруі мүмкін, дейді Бас мүфтий, себебі ол 2 кг бидайдың құнына тең. Алматыда әр адамға 35 теңге», деді ол.

Муфтий айтқандай, қазанның 19-нан 20-на қараған түні «қадір түні» (Лейляту-ль-Кадр), яғни бұл түні мұсылмандар намаз оқуы керек. Осы түні барлық мешіттерде таң атқанға дейін құран оқылады.

23 қазанда үш күнге созылатын Ораза айт басталады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта