Мұсылмандар сорақы карикатураның авторларын сотқа берді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұсылмандар сорақы карикатураның авторларын сотқа берді

Мұсылмандар сорақы карикатураның авторларын сотқа берді

Француздардың екі мұсылман ұйымы Пайғамбарымызды (с.а.с.) келемеждеген карикатураны жариялағаны үшін «Charlie Hebdo» сатиралық журналын сотқа берді, деп хабарлайды muslim.kz.

  • 11 Желтоқсан 2012
  • 348
Фото - Caravan.kz

Бейбітшілік пен прогресс үшін деп аталатын Алжирдің демократиялық одағы мен Араб одағы ұйымының сотқа түсірген шағымында айтылғандай, бұл карикатура Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның (с.а.с.) мүбәрак есіміне кір келтіріп, мұсылман қоғамының ар-намысын таптаған. Бұл жайында France 24 хабарлады.

Аталмыш ұйымдар соттан мұсылмандарды қолдап-қорғауды және мұсылмандардың ар-намысына тигені үшін журналдан 780 000 еуро мөлшерінде өтемақы өндіріп беруді талап еткен.

Ал басылымның қорғаушысы Ришар Малка редакция атынан бұл айыптауды жоққа шығарып отыр.

Малканың айтуынша, айып таққан жақ карикатураның әдеттегі басылымда емес, сатиралық журналда басылғанын қаперге алғысы келмейтін көрінеді.

«Олар үрей тудырып, француздық сатира дәстүрін діннің ығына жығып бермек», — деп мәлімдеді қорғаушы өз сөзінде.

Мұсылман ұйымдарының қорғаушысы Энтони Бем сатиралық журнал иман келтіргендердің құқығын бұзды деп отыр.

«Олар мұсылмандарға күйе жағып, арандату әрекетіне барып отыр. Карикатура екен деп, ойларына келгенін істеуге болмайды», — деп мәлімдеді Бем AFP-ке берген сұхбатында.