Топ шығармашылығының негізгі бағыттары — эстрадалық және қазақ халық әндері. Олардың әндерін аға буын мен жастар сүйіп тыңдайды. Әнсүйер қауым МузАрттың шығармашылығын жоғары бағалайды. Сондықтан қазіргі жастардың топтың әндерін жатқа айтуы бекер емес.
Шығармашылық кеш 6 шілдекүні «Қазақстан» орталық концерт залында өтеді. «МузАрт» тобы сол күні сағат 16.00 және 20.00 екі концертті қатарынан береді.