Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
Бұл туралы Серік Абас-Шах мырзаның өзі желідегі парақшасында былай деп жазды:
"Сәкен Майғазиев деген інім өтініш айтып келіпті. "Серік аға, квартет болсақ деп едік, өзіміздің қатарымызға лайық төртінші адамды таппай жатырмыз. "МузАртқа" әнші болып келесіз бе?" дейді. Шыны керек, мен үшін күтпеген ұсыныс болды. "Шашым түсіп жатыр ғой" десем, "Бізге шаштың қалыңдығы маңызды емес" деп қояды. "Кейде чеснок жеп қоямын" десем, "Ондай-ондай Түркіменбашының қызында да болады" деп жұбатып жатыр. "Қатты секіріп билей алмаймын ғой" десем, "Саxнаға Сейфуллин Жолбарыспен емес, бізбен бірге шығасыз ғой" дейді. "Жасым 54 жарымға келіп қалды, біртүрлі емес пе?" десем, "емес" дейді. Шыны керек, мынадан кейін не дерімді білмей ыңғайсызданып қалдым. Дауысым жоқ қой, қалай ән айтам деп сұрауға дәтім бармады. Е жарайды, ауызымды өтірік жыбырлатып, үшеуінің артында билегенсымақ болып тұрсам жетпей ме? (деп жатып оянып кетіппін. Түсім екен. Ой бли-и-и-н дедім ішімнен, бір тойға да барып үлгермедім ғой)"