"МузАРТ" тобының солисі Кенжебек Жанәбіловтің жұбайы төртінші баласын дүниеге әкелді.
Бұл туралы Сaravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
Сүйінші хабарды әнші әріптесі Сәкен Майғазиев Instagram желісіндегі парақшасында жеткізген.
"Сүйінші, ағайын! Қасиетті жұма күні Кенжебегіміз бен Жәмиламыз ұлды болды! Құлыншағымыз нағыз ер азамат болып өссін", — дейді әнші жазбасында.
Айта кетейік Кенгжекбектің осыған дейін бір ұлы, екі қызы болған!