«Біз ағымдағы жылы «МУЗ ТВ 2015-гравитация» сыйлығы Қазақстанда, Астана қаласында өтетіндігіне қуаныштымыз», — деді брифинг барысында МузТВ телеарнасының жүргізушісі Артем Шалимов.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, музыкалық шоу бесінші маусым күні «Астана-Арена» стадионында өтетін болады. Шоуды 35 мыңнан астам адамның тамашалайтындығы жоспарлануда.
«Біз алғаш рет көрермен залына осыншама көлемде адамдарды жинайтын боламыз және мен көрсетілетін шоу барлығының да көңілінен шығатындығына сенімдімін», — деді ол.
Ұйымдастырушылардың ақпаратына қарағанда, бұл шоуды жүз миллионнан астам адам «Қазақстан», «МузТВ» және басқа да ресейлік федералды, ұлттық телеарналар арқылы тамашалайтын болады. Шоуға Ресей мен Қазақстанның өнер жұлдыздары қатысады.