Мьянмада қырылып жатқан мұсылмандар басқа аралға көшірілетін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мьянмада қырылып жатқан мұсылмандар басқа аралға көшірілетін болды

Мьянмада қырылып жатқан мұсылмандар басқа аралға көшірілетін болды

Бангладеш билігі Мьянмадан қашқан рохинджалық мұсылмандарды Бенгал шығанағындағы шағын аралға орналастырмақшы деп мәлімдеді Ха

  • 6 Қыркүйек 2017
  • 1388
Фото - Caravan.kz

Бангладеш билігі Мьянмадан қашқан рохинджалық мұсылмандарды Бенгал шығанағындағы шағын аралға орналастырмақшы деп мәлімдеді Хабар-24.

Халықаралық ұйым өкілдері Дхаканың бұл қадамын сынға алып отыр. Өйткені Тенгар-Чар деп аталатын қаңыраған қу арал маусымдық жаңбыр мезгілі кезінде су астында қалады. Сондықтан, мұнда ешкім тұрмайды. Ал Бангладеш билігі босқындарды қайда орналастырса да өздері білетінін айтты. Себебі шекарадағы Кокс-Базар аймағында рохинджалықтар босқындар лагеріне сыймай жатыр. Ракхайн штатынан бас сауғалаған адамдар болса күн сайын артып келеді. Соңғы 10 күнде Бангладешке 120 мың рохинджа аяқ тіреген.

Айта кетейік, Мьянманың Ракхайн штатындағы жағдай өткен айда рохинджа көтерілісшілерінің полицейлер мен әскерилерге жасаған шабуылынан кейін шиеленісіп кеткен.