"Мүфтияттың шешіміне бағынбай, желіде бүлік шығарып жүр": Танымал журналист Алланы "Аллаһ" деген министрді қатаң сынға алды - kaz.caravan.kz
  • $ 478.96
  • 533.03
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мүфтияттың шешіміне бағынбай, желіде бүлік шығарып жүр": Танымал журналист Алланы "Аллаһ" деген министрді қатаң сынға алды

"Мүфтияттың шешіміне бағынбай, желіде бүлік шығарып жүр": Танымал журналист Алланы "Аллаһ" деген министрді қатаң сынға алды

Белгілі журналист Мәди Манатбек "Алла" сөзін "Аллаһ" деп жазған ғылым және білім министрін сынға алды.

  • 3 Маусым
  • 127
Фото - Caravan.kz

Ол аталған сөз жөнінде мүфтият пәтуа шығарғанын да жасырмады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы ол желідегі парақшасында жария етті.

«Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек оқушыларды жазғы демалысымен құттықтап пост жазыпты. Министрдің жылы әңгімесін оқып отырып, Алла деген сөзді “Аллаһ” деп қолданғанына таң қалдым. Орыс тілінде солай қолданылатынын білеміз. Еліміздің радикал бағыттағы өкілдері де қазақтың Алла сөзін “Аллаһ” деп әдейі бұзып айтатынын жиі естиміз. Бірақ Саясат Нұрбек елдің саясатына бағынатын мемлекеттік қызметкер, Мүфтиятты мойындайтын, діннен хабары бар азамат. Министрдің жұртты бұлай шатастыруына жол бермеу керек.

Бір қарағанда ұсақ болып көрінетін бұл жағдайға неге назар аударып отырмын? Өйткені қазақ қоғамы қазір “Алла” мен “Аллаһ” деп айтатындарға бөлініп, екіге жарылды. Тілдік ұстанымды сақтамайтын болды. Бір ұлт, бір мұсылман бола тұра, бір сөзге кикілжің туа бергесін, осыдан он жыл бұрын Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы Жаратуышыны «Аллаһ» деп емес, «Алла» деп айтып, жазу керек деп арнайы пәтуа шығарған болатын.

Мүфтияттың пәтуасын зиялы қауым өкілдері үлкен қолдап, қуаттайды.

Кезінде Бас мүфти Ержан қажы Малғажаұлы имамдардың мүфтият шығарған пәтуаларына салғырт қарайтынын айтып сынаған еді. “Сіздер «Аллаһ» деген сөзге байланысты арнайы пәтуа шыққанын білесіздер. Осы ретте діни басқарманың пәтуасын имамдар насихаттамаса халық қайдан біледі? Мүфтият қандай пәтуа шығарса да, оны халыққа бірінші жеткізетін сіздер. Ендеше күні бүгінге дейін неге “Аллаһ” сөзін айтып жүрсіздер? “Аллаһ” деп емес “Алла” деп айту керек деген пәтуа шықты ғой. Сондықтан, бүгіннен бастап ауылдық, аудандық имамдарға хабарлап, түсіндіріңдер. Үлкен ағаларымыз “Абай, Шәкәрім Аллаһ емес Алла деп айтқан” деп дұрыс айтады. Шынында да ата-бабаларымыз Аллаһ деп айтпаған”, – деген еді кезінде Ержан қажы Малғажыұлы.

Кейбір әсіредіншіл азаматтардың мүфтияттың шешіміне бағынбай әлеуметтік желіде бүлік шығарып жүргені аздай, оған енді министрдің жазбасы қосылып отыр. Саясат Нұрбек жәй жүрген біреу емес, бағынышты адамдары бар, білім қуған жастарға бағыт беретін саланың білдей бір министрі. Ол діннің (әсіресе қазір) өте нәзік мәселе екенін түсінуі керек», — деп жазды ол.