Ол айдың күннің аманында әскерде шейіт болған қазақ ұлдарына күйінді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Бұл туралы ол желідегі парақшасында мәлімдеді.
«Бұрын , біз тәуелді болдық , дедік …Бірақ, Совет өкіметі кезінде , әскерге кеткендер аман — есен қайтатын уйлеріне, көбінесе солай болатын. Енді , тәуелсіз мемлекетпіз , бізді басқарып отырған өз қазақтарымыз. Қай саланы алсақ та…. Мына «беспределға» тосқауыл қоятын жан бар ма?? Жоқ па?? Халқым ау!! Өзі аз қазақты қырып салдыңдар ғой! Енді есейді, енді қызығын көремін деп отырғанда, сұлатып үйіне әкелу не үрдіс бұл?! Бүкіл Қазақстанда, өз елінде, өз жерінде бұйрық беріп, әскери жүйені тәртіпке келтіретін бір еркек табыла ма??? Айдың күннің аманында не мынау енді?! Өзегім өкініштен өртеніп отыр кешеден бері, (мәлімет @gulmir_ktk парақшасынан алынды….. ) Тағы бір қазағымның отбасы қара жамылды …. Қайғырып көңіл айтамын», — деп жазды әнші.