"Мына келіншек кімді алдап, шіреніп отыр": Жанқош Тұраровтың әйелінің өтірігі ашылып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.94
  • 583.74
+24 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мына келіншек кімді алдап, шіреніп отыр": Жанқош Тұраровтың әйелінің өтірігі ашылып қалды

"Мына келіншек кімді алдап, шіреніп отыр": Жанқош Тұраровтың әйелінің өтірігі ашылып қалды

"Жала жапқаншы үшін сотталайын деп жатыр" деген Жанқош Тұраровтың әйелі ешқандай арыз жазбаған болып шықты.

  • 28 Ақпан
  • 90
Коллаж: Jambylinfo.kz.

Бұл туралы адвокат Ләззат Ахатова Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Күйеуі қыздардың арын қорлайды, әйелі инстада осылай деп шімірікпей, елді алдап отыра береді, жалған ақпарат таратып. Инста әлемде “жұлдыз”))

Ұлытау облысында Сафура ханымның ісі бойынша іссапарда жүр едім. Астанаға жетісімен, мына мәселені қолға алмаса, болмайын деп тұр. Біздің қазіргі қоғамда осындай моральдық азғындағандар “тұлға” болды ғой.

P.S. Төменде- Алматы қаласы, Әуезов аудандық полиция басқармасының тергеу бөлімі басшысының жауабы. “Ешқандай арыз жоқ” деп отыр. Ал мына келіншек кімді алдап, шіреніп отыр, сонда?!», — деп жазды адвокат.

Жанқош Тұрардың жары, блогер Клара Иса Instagram желісіндегі парақшасында оқырманының «Экранға шығып, зорлады деген әйел не болды?» деген сұрағына «Жала жапқаны үшін сотталайын деп жатыр», — деп жауап берген еді.